Әлемнің екінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы екінші айналымында украиналық Юлия Стародубцеваға есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлемнің 55-ракеткасы саналатын украиналық теннисші алғашқы сетте небәрі үш геймді өз пайдасына ғана жазып, 37 минут ішінде қазақстандыққа жол берген еді.
Екінші сетте Рыбакина күтпеген жерден тек бір геймді жеңіп, екі рет қос қателік жіберді.
Үшінші сет барысында Елена 0:3 есебімен ұтылып жатқан еді. Кейін ойын тай-брейкке ұласып, онда Стародубцева мықтырақ болды. Матч 2 сағат 30 минутқа созылды.
Қорытынды есеп 6:3; 1:6; 6:7. Осылайша Елена Рыбакина күтпеген жерден жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығап қалды.